Балаға шай, кофе дегенді берудің де, тіпті оны білудің де қажеті жоқ! Нутрициологтар осылай дейді. Денсаулықтың мықты болуы үшін дұрыс тамақтанудың маңызын үйрететін мамандар физикалық даму, иммунитет, энергия деңгейі тікелей асқа байланысты дейді.

Балалардың күнделікті рационында ақуыз, көмірсу, майлар мен витаминдер, минералдар жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Ақуыздар бұлшықет дамуына көмектессе, көмірсулар – энергия көзі. Баланың күнделікті рационында ет, сүт өнімдері, жаңғақ, дәнді дақыл, түрлі көкөніс, жеміс болуы шарт. Себебі, олардың антиоксиданттар болады. Баланың күнделікті су тұтынуы да назардан тыс қалмауы керек. Су – ағзадағы барлық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті элемент. Балалар күніне шамамен 3-5 стакан су ішіп отыруы керек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі балалар мен жасөспірімдердің шамамен 39 проценті артық салмақ немесе семіздікке ұшыраған. Бұл көрсеткіштің өсуі дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділіктің жетіспеуінен туындайды. АҚШ-та жүргізілген зерттеулерге сәйкес, балалардың жартысынан көбі күніне кем дегенде бір рет өңделген тағам тұтынады. Бұл тағамдағы жоғары қант пен май артық салмақ, қан қысының жоғарылауы, қант диабеті және басқа да созылмалы аурулардың даму қаупін арттырады.