Шымкенттіктер енді көмір жағып, күл шығаруды ұмытады. Себебі шаһардағы тұрғынүйлер көгілдір отынмен қамтылып жатыр. Жыл соңына дайін газдандыру көрсеткіші үшінші мегаполисте  97 пайыздан аспақ. «QazaqGas Aimaq»-тың  бас директоры Бауыржан Асқаровтың айтуынша, табиғи отынмен қамту бойынша қазіргі таңда Алматы мен Шымкент қаласы елімізде бірінші орында тұр.  
 Ботагөз Ибрагимова жалғызбасты ана. Екі баласымен бірге Бозарық-3 саяжайында 14 жылдан бері күнелтіп келеді. Осы жылдары ол көмір жағып, күл шығарып келген. Енді қазандық орнатып, үйін мемлекеттік газбен жылытады. «QazaqGas Aimaq» өкілдері отанасының жағдайын ескеріп, газ қазандығын сыйға тартыпты.
БОТАГӨЗ ИБРАГИМОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Кішкене халық көбейді. Біздер келген кезде үш-ақ едік. Құдыққа су құйып алып сатып алып іштік, көмір сатып аламыз. Жазға қарай отындарымызды дайындап қоямыз сарайға. Мен келген кезде айттым менің жағдайм жоқ дедім. Өзім жалғызбасты анамын дедім. Ондай ештеңе қоя алмаймын жағдайым жоқ деген едім маған сыйға тарты мынаны.
Бозарық-3 саяжайында 700 жер телімі болса, оның 100-ге жуығының ғана газға қосылуға мүмкіндігі бар. Көгілдір отынға бұған дейін Қайнарбұлак, Бозарық және Қаратөбе елдімекен тұрғындары қосылған.
 ЕРМЕК ҚАЛДЫҒҰЛОВ – QAZAQ GAS AIMAQ ШЫМКЕНТ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 Жалпы енді 16 мыңға жуық тұрғын үйлер қосылуға арналған газ құбырлар қослыады. Ең үлкені Тассай елдімекені қосылу керек бұйырса жылдың соңына дейін бітіп.
Еліміз бойынша өңірлердегі елдімекен мен қалаларды көгілдір отынмен қамту мақсатында мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі артқан. Бұған дейін 14 өңірді газдандыруға 100 млрд теңге қазынадан қаралса, биыл бұл сомма 200 млрд теңгеге еселеніп отыр.
БАУЫРЖАН АСҚАРОВ – QAZAQ GAS  AIMAQ АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ
- Жалпы қазақстан бойынша айтатын болсақ газдандыру пайызы 60 пайыздан жоғары болып тұр. Бүгін біз Шымкенттеміз. Шымкентпен бірге Алматы қаласы ірі қалаларды қарағанда бірнші деңгейде тұр. Шымкентпен Алматы.
Жыл соңына дейін Қайнарбұлақ -2, Қайтпас-1, Ынтымақ, Тассай, Еламан ықшам аудандарын газға қосу жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде Шымкент қаласын көгілдір отынмен  қамту көрсеткіші 97,4 пайызға жетпек.