Енді білім туралы құжаттарды тану қызметі eGov мобайл қолданбасында да қолжетімді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бұл азаматтарға орта және арнаулы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тікелей мобайл құрылғы арқылы растауға мүмкіндік береді. Бұған дейін бұл қызмет eGov.kz қолданбасында қолжетімді болатын. Сонымен қатар бұл қызмет жоғалған құжаттардың көшірмелерін алу және шетелде білім алғанын растау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл арқылы пайдаланушылар бұрын алынған білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тану туралы куәлікті тез және ыңғайлы түрде рәсімдей алады, жоғалған құжатты қалпына келтіре алады немесе шетелдік білімін растай алады. Қызмет цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» және оқу-ағарту министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылған.