Енді үш ай қатарынан кемі 100 адамнан 255 мың теңге мобильді аударым жасалса, салық төлеуіңіз мүмкін. Өйткені бұл көлеңкелі кәсіп болып есептеледі. Қаржы министрлігі азаматтардың мобильді аударымдарын бақылауға алды. Бұдан былай азаматтардың қаржылық кіріс-шығысын екінші деңгейлі банктер Мемлекеттік кірістер департаментіне ұсынып отырады. Бұл заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында жасалып отыр. Ресми ақпараттарға сүйенсек, міндетті декларациялаудың төртінші кезеңі жойылғаннан кейін кейбір кәсіпкерлер қайтадан моблильді аударымдарды белсенді түрде қабылдай бастаған. Сондықтан биылдан бастап аударымдардың жалпы саны ғана емес, сондай-ақ олардың жалпы көлемі де есепке алынады.
АЙБАР ОЛЖАЙ – ЭКОНОМИСТ
Бұнда сіз 255 мың алсаңыз сіз автоматты түрде түсесіз деген сөз емес. Бір адам сізге 300 мың жіберсе сіз мониторингке түспейсіз. Бізге жай қызметкер ретінде айына 100 адамнан ақша түспейді. Сізге ақша жіберетін 10 адам, 12 адам, туысқан, қарыз берген адамдарыңыз болуы мүмкін. Ол 100 аударым деген сөз емес қой. Ол әртүрлі 100 адам болуы керек. Енді осы әртүрлі 100 адам шеңберінде кеп қарағанда сіздің белгілі бір кәсіппен айналысып жатқаның белгілі болып қалады. 00:55 Кез келген кәсіптен түсетін табысқа салық төленуі керек.))
Экономистің айтуынша, садақа жинаушылар жиналған қаражаттың қайырымдылықтан түсіп жатқанын дәлелдеуі керек болады. Егер бизнеспен айналысып, табыс табатын адам кәсіпкер ретінде тіркелмесе, оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Заң бұзушы бір жыл ішінде қайта ұсталып қалса, айыппұлы мөлшері 30 АЕК-ке дейін өседі. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл өзгеріс әлі қолданысқа енген жоқ. Сондықтан алдағы уақытта Қаржы министрлігімен тағы бір талқыланып, пысықталатынын жеткізді.