Мегаполисте «Кескіндеме және би өнері – Шымкент тарихынан» атты көрме ашылды. Мәдени шара суретші Григорий Пономаренко мен балет әртісі, педагог Ұлан Мирсеидовтың шығармашылығына арналған. Көрме 125 жылдық тарихы бар А.С Пушкин кітапханасына қойылды.
Көрме 7-20 ақпан аралығында халыққа ұсынылады. Онда Шымкент қаласымен тығыз байланысты болған суретші мен бишінің шығармашылығы паш етілген. Сондықтан бұл жиынға шет елдерден қонақтар мен тарихи тұлғалардың ұрпақтары арнайы шақыртылған.
ТЕМІРЛАН АТАУЛА, Ұ. МИРСЕИДОВТЫҢ ҰЛЫ
- Әкем шымкенттік болғандықтан, ол осы жаққа қарай бүйірі бұрып тұратын. Шығармашылғы мол мұра біз үшін де елі үшін де. Шымкентте, яғни әкемнің өскен елінде осындай көрме өтіп жатқаны мені қуантып отыр. Осы үшін арнайы келіп тұрмыз. Қуанышымыз шексіз. Әкеме көрсеткен құрмет үшін бас игім келеді.
Көрмеде суретші Григорий Пономаренконың соғыстан кейін соңғы кеңестік кезеңге дейінгі негізгі жанрлардағы туындылары ұсынылады. Оның картиналарында 1950-1990 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанның қалыптасуы зор сүйіспеншілікпен, шеберлікпен және тарихи шынайылықпен бейнеленген. Ұлан Мирсеидов Шымкент қаласының тумасы, қазақстандық студенттер мен балет әртістеріне халықаралық байқауларға жол ашқан көрнекті педагог.
ЕДУАРД КОЗАРЯН, КӨРМЕ ЖЕТЕКШІСІ
- Осы көрмеге қойылатын суреттерді арнайы ірітедік. Бәрінен бұрын мен осы залды таңдағанымызға қуанып отырмын. Бұл жер Шымкенттің көне тарихын насихаттайды. Туындылардың өзіндік болмысын ашуға, көрерменді тартуға осындай орындар үлкен роль ойнайды. Шымкентіктер өз азаматтарын танытып отырғаны қуаныш сыйлайды.
Ұлан Мирсеидовты «чемпиондар ұстазы» деп атайды. өЙткені оның шәкірттері халықаралық аренада алғаш рет жүлделі орындарға ие болды, ал қазақ балет мектебін әлемдік балет қауымдастығы мойындады. Ұлан Мирсеидов ұзақ жылдар бойы Қазақстанда ерлер классикалық биінің стилін қалыптастырған.