Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 3 ауданда мал ұрлығымен айналысқан азаматтарды ұстады.
4 адамнан тұратын топ алдын-ала сөз байласу арқылы жылқыларды жайылымнан ұрлап жүрген. Қолды қылған малды күдіктілер жүк көлікке артып әкетіп, сойып, етін сатқан. Бүгінгі таңда ұсталған азаматтардың Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарының аумағында мал ұрлығының 10 фактісіне қатысы бары анықталды. Келтірілген шығын 19 миллион теңгеге жуық.
Тінту барысында ұрланған 9 жылқы, жүк көлігі мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған болып шықты. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.