Президенттік кадр резерві – жастарға әлеуметтік лифт. Ұлт үшін еңбек етіп, мансаптық сатыда жоғарылаймын деушілер үшін таптырмас мүмкіндік. Осылай деген мамандар бүгін форумда бас қосып, жай-жапсарын түсіндірді. Айта кетейік, маусым айында жастар кадр резервінің төртінші маусымына іріктеу басталады.
Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Президенттік жас¬тар кадр резервінде болу – талапты жастар үшін таптырмас мүмкіндік екені анық. Алайда оны билікке жетудің емес, хବлыққа қызмет етудің төте жолы деп білу керек. Шын мә¬¬нінде ең үлкен мәр¬тебе де, абырой да осында.
ҚАНАТ ҚАДЫРБЕКОВ – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Іріктеу толығымен ашық, әділ және цифрлық жүйеге негізделген. Кезекті науқан алты кезеңнен тұрады және маусым мен қазан айлары аралығында жүзеге асырылады.
Бүгінгі форумға Президенттік кадр резерві арқылы іріктелген мамандар арнайы шақыртылған. Олар өз тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде жастарды осы науқанда бақ сынауға шақырды.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ – ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ МҮШЕСІ
Іріктеудің негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту екендігін жеткізе отырып, қандай дағдыларға мән беру қажет екендігін атап өттім. Форумға қатысушы жастардың көзінен патриоттық сезім оты сезілді. Қызығушылық танытқан біршама жастар өз сұрақтарын қойып, еркін пікірлесу алаңына айналды.
Президенттің жастар кадр¬лық резерві мүшелері де өз тәжіри¬бе¬лері туралы айтып берді. Бас қосқан жастар тал¬қылау барысында еліміздегі бірқатар мәсе¬ле¬нің басын ашып, жоспарларымен бөлісті.