Біркөлік шатқалында волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларына арналған жазғы мектеп басталды. Республикалық лагерьге Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарынан 100-ге жуық белсенді келген. Олар екі күн бойы мамандардан дәріс алып, өзара тәжірибе алмасады.
Ардана Мырзанов – жығылғанды жебеп, құлағанды демеп жүрген ерікті. Қарағандылық белсенді Арыс апатына бей-жай қарамай, халықтан жылу жинап, гуманитарлық көмек жөнелткен. Қоғамдық мәселелерге үн қосып, қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын волонтер: «өзгеге қол ұшын созып, көмектесу қазақтың қанында бар қасиет» дейді.
АРДАНА МЫРЗАНОВ, ЕРІКТІ
– «Бізде волентерлікті бұрын-соңды естімедік деп жатады. Бірақ бұл қазақ құндылығында бұрыннан бар нәрсе. Мәселен асарлату деп аталып жатты еріктілік деп аталмаса да.» «2026 жылы Мемлекет басшысының ұсынысымен халқаралық волентерлер жылы болады. Келесі жылға жоспар көп. Сол жоспарлардың тиянақты орындалуына бүгінгі жазғы мектеп үлкен себтігін тиігізеді деген ойдамын.»
Жастар екі күнге жалғасатын жиында аға буыннан дәріс алып, көшбасшылық дағдыны жетілдіреді. Таным көкжиегін кеңейтіп, дос арттырады. Өзара тәжірибе алмасып, біліктілік ұштайды. Сондай-ақ еріктілерге арнап демалыс аймағы көңілді іс-шаралар тізімін де ұйымдастырған. Қатарында бассейн, түрлі ойындар, тау шыңына серуен, алау жағу, кино көрсетілім сынды сергіту бағдарламасы бар.
АҚБОТА ОСПАН, ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «100 жасты қамтуды жоспарлағанбыз. Ойымыз іске асып отыр. Екі күндік бағдарламада әрі оқыту әрі жастарға демалыс ұйымдастырып беру.» «Бүгін алғашқы сабағымыз өтті. Сондай-ақ көңілді ойындар ойналды. Ертең тауға шығамыз. Ол жерде де сабақ ұйымдастырылатын болады.»
Ашылу салтанатында мәдениет қызметкерлері өнер көрсетіп, ән салды. Жастар тау баурайындағы эстетикалық отмосфераға елтіп, ерекше әскерге бөленді.