Төтеншеліктер балалар күні қарсаңында жасөспірімдерді «Наурыз» алаңына жиып, мерекелік іс-шара өткізді. Жас буынның көңілін көтеріп, концерттік бағдарлама ұсынды. Құтқарушылардың жұмыс барысын түсіндіріп, қызметтік құрал-жабдықтармен таныстырды.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Дөңгелегі көлемді мына алып көлік жол талғамайды. Тау-тасты кезіп, лай-балшықтан оңай қарғып өтеді. Қыстың күні қалың қар жауып, жол жабылса мына көлік үйіндіні жарып өтіп, жолаушыларды құтқарады.


Наурыз алаңына осы сынды төтеншеліктер тізгіндейтін қызметтік көліктер мен құрал-жабдықтар шығарылған. Оқушылар машиналарға қарғып мініп, бір сәт өзін құтқарушы сезінді.


 АРУНА ЕСЕН, ОҚУШЫ

 – «Өрт сөндіру көліктерімен таныстық»  «Өрт сөндіру бойынша ақпарат алдық, балаларды қалай құтқару керегін үйрендік.» 


Мамандар жас буынды айтып келмейтін апаттан сақтандырып, алдын-алу тәсілдерін насихаттады. Байқау ұйымдастырып, балаларды белсентті.


Сала маманы жаз маусымы келгенін алға тартып, балалар мен олардың әке-шешелеріне ескерту жасады. Жану қауіпі бар заттарға абай болып, апатты орындардан алшақ жүруге шақырды. Судағы қауіпсіздік ережелерін ескеріп, белгіленген орындарда ғана шомылу қажетін қайталады. Ата-аналарға бала қауіпсіздігін басты орынға қойып, оны үйде жалғыз қалдырмау қажетін еске салды.


НҰРБОЛАТ ПЕДЕН, ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

 – «5-6 қабаттар, тіпті 2-3 қабаттардың өзінен құлап кету жағдайлары орын алып жатыр. Терезегі темір тор орнату қажетін ата-аналарға жеткізіп жатырмыз. Сонымен қатар бүлдіршіндерді үйде жалғыз қалдырмау мәселенін еске салдық.» «Жаппай суға шомылу басталады. Сол кезде де баланы жалғыз қалдырмау және оны қадағалау керегін айтып жатырмыз.» 


Бір бұл ғана емес, төтеншеліктер бүгін шаһардың 20 орынында іс-шара ұйымдастырып, балаларға тарту жасады. Концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен күйден шашу шашты.