Шауғар тұрғындарын ауыз су, көгілдір отын, жол және кәріз жүйесінің мәселесі алаңдатады. Бұл Түрістан қаласындағы шағынаудан тұрғындарының қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қарашамен кездесуінде айтылған проблемалар. Шаһар басшысы көшпелі кездесу ұйымдастырып Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Олар алдына келген әкімге қордаланған мәселелерді тізбектеп шықты.


 Кездесу барысында қала басшысы былтыр көтерілген мәселелердің орындалу барысы мен сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарын баяндады. Алдағы жылдардың жоспарымен таныстырып, әрбір тұрғынның сауалына жеке-жеке жауап берді.


ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Түркістан қаласын ауыз сумен қамту көрсеткіші 99,5%-ға жеткізу мақсатында жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге су жүйесін тарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ биыл 3200-ден астам абонент сапалы электр қуатымен қамтылып, 2026 жылы 22 шақырым электр желісі мен жаңа трансформаторлар орнатылады. 185 жаңа абонентті табиғи газбен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.


Абаттандыру бағытында 3 жаңа ойын алаңы салынады. Ал Төле би мен Сабырханов көшелерінің қиылысына аулаларды абаттандыру жұмысы аяқталуға жақын. Сектор аумағында 36 көшеге асфальт төселмек. Қазіргі таңда 19-ында жұмыстар аяқталып, қосымша 12 көшеге жөндеу жүргізу үшін конкурс жарияланған.


 Сектордағы көше жарығы 98% қамтылған, қалған 8 көшеге тамыз айында жарық орнатылады. Жыл соңына дейін 35 бейнебақылау камерасы қойылады. Байланыс сапасын арттыру үшін 3 базалық станция іске қосылады. Осы жән өзге де мәселелердің шешімін баяндаған әкімге сұрақ қоюшылар да көп болды.


Тұрғындардың әрбір сауалына мұқият жауап берген Әзімбек Пазылбекұлы көтерілген барлық мәселелер кезең-кезеңімен, заң талаптары аясында шешілетін болады деді.