Ел аумағында жыл басынан бері 30 бала суға батып қаза тапқан. Оның ішінде жасөспірімдер де бар. Ал Шымкентте мұндай жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Төтеншеліктер қауіптің алдын алып, болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс істеп, тұрғындарға сақтық шараларын насихаттап келеді. Сәуір айынан бері осы бағытта 105 рейдттік іс-шара жүргізіп, жасөспірімдерге қауіпсіздік ережелерін түсіндірген.
Мамандар биыл 9 мың оқушыға 307 интерактивті сабақ өтіп, қауіпсіздік талаптарын таныстырған. 71 интелектуалды ойын ұйымдастырып, бейнероликтерді көрсеткен. Басты мақсат – жасөспірім санасына табиғи және технолгендік апат негізін түсіндіріп, одан сақтандыру.
НҰРБОЛАТ ПЕДЕН, ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
– «Ойын-сауық орталықтарында, қала ішіндегі лед экрандарда, адам көп жиналатын жерлерде, кино сеанстар алдында видео роликтер көрсеткен болатынбыз.» «Өзгеше түрде тұрғындарды қаратып түсіндіру үшін осындай акция ұйымдастырылғна болатын.»
Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев шомылу маусымы келгенін алға тартып, балалар мен олардың әке-шешелеріне құлаққағыс жасады. Судағы қауіпсіздік ережелерін ескеріп, белгіленген орындарда ғана шомылу қажетін ескертті. Ата-аналарға балаларын ұдайы бақылап, қайда шомылып жатқанын қадағалау қажетін еске салды. Егер жасөспірім ереже бұзса, жауапты өкілге айыппұл салынады.
НҰРЖАН ҚАРАКӨЗЕВ, ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
«Егер бүлдіршіндер ата-ананың қарауынсыз тыйым салынған орынға шомылса, біз ӘҚ туралы кодекстің 412 бабына сәйкес жауапкершілікке тартамыз. Ол жерде 7 АЕК көрсетілген.»
Мамандар жаз бойы су айдындарын бақылап, ондағы қауіпсіздік талаптарын тексереді. Жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ.