Жазғы каникул кезеңінде 14 жасқа толған мектеп оқушылары мен студенттерге ақылы қоғамдық жұмыс істеуге мүмкіндік беріліп отыр. Олар мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік құрылымдарында қоғамдық көмекші ретінде еңбек етеді. Бағдарлама 1 маусымнан 31 тамыз аралығында жүзеге асырылмақ.


Қатысу үшін ата-аналардан жазбаша рұқсат ұсынылады. Жолдамалар тіркелген тұрғылықты мекен жайы бойынша аудандық мансап орталықтарында беріледі. Ай сайынғы еңбекақы мөлшері 28 айлық есептік көрсеткішті яғни, 110 096 теңгені құрайды. Мұндағы мақсат жас ұрпақтың еңбекке бейімделуіне, әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, тәжірибе жинауына мүмкіндік беру болып табылады. Аудандық мансап орталықтарының мекен жайларын назарларыңызға ұсынамыз.



Аудандық мансап орталықтарының мекен жайлары:

Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;

Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;

Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201;

Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;

Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50.