Жаздың аптап ыстығында суға шомылып, салқын су ішіп сергиміз. Алайда бассейннен келетін қауіпті ескермей жатамыз. Мамандар хауздар арқылы түрлі жұқпалы ауру тарайтынын айтып, дабыл қағып отыр. Сондай-ақ, жылдам әзірлетеніп ас, қауын-қарбыз бен сүтті тағамнан зардап шеккендер көп. Жаз айларында 17 шымкенттік тұрғын балмұздақтан уланып, дәрігердің көмегіне жүгінген.
Жаздың аптап ыстығында салқындаудың жолын іздеген жұрт көбіне қоғамдық хауздарға асығады. Бірақ мамандар мұндай орындарда гигиена талаптары сақталмаса, ішек инфекциялары мен тері аурулары тез таралатынын ескертеді. Бақылаусыз күйдегі бассейн суы көз, құлақ және тыныс жолдарын зақымдауы мүмкін.
Көшеде дайындалған немесе сақталу мерзімі өткен тағамдар да денсаулыққа қауіп төндіреді. Әсіресе күн астында ұзақ тұрған балмұздақ, қауын-қарбыз, сүтті тағамдар тез бұзылып, улануға әкелуі ғажап емес.
Жыл басынан бері Шымкент қаласында тек балмұздақтан уланған 17 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Бұл – тек тіркелген жағдайлар ғана. Сондықтан мамандар сүтті, кондитерлік тағамдарды тек үй жағдайында дайындауға шақырып отыр. Қатты, салқын сулардан бас тартқаныңыз абзыл. Бұл – өз сапулығыңыз.