Жыл басынан бері ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 8,5 млрд теңге төленген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бүгінде ел аумағында 81 мыңға жуық ардагер тұрады. Оның 96-сы соғыс арадері. Және оған теңестірілген 16 мың 630 азамат бар. Сондай-ақ Қазақстанда 27 мыңға жуық басқа мемлекет аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан ардагер, 37 мыңнан аса тыл ардагері тұрады. Биыл аталған санаттардағы азаматтарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу мақсатында 17 млрд теңге қарастырылған. Айта кетейік, соғыс ардагерлеріне ай сайын 62 912 теңге, оған теңестірілген азаматтарға 24 339 теңге , ал мүгедектігі бар ардагерлерге 29 687 теңге, Ауған соғысына қатысқандарға 24 339 теңге, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 18 874 теңге, ал тыл еңбеккерлеріне 8 376 теңге төленеді