Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай шахматтан «Бұлақ көрсең көзін аш» турнирі өтті. «Ауыл» партиясының ұйытқы болуымен өткен жарысқа 40 жасөспірім қатысты. Олар кәсіби және әуесқой лигаға бөлініп, өзара мықтыны анықтады.
13 жастағы Бекет Диас – шахматпен 4 жылдан бері айналысады. Осы аралықта түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізген. Алматыда өткен Қазақстан біріншілігінде үздік атанып, үшінші орын еншілеген. Алғашқы екі ойында іркілмей, қарсыластарын оңай жеңген ол жарыстың бас жүлдесінен үмітті.
БЕКЕТ ДИАС, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
– «Шахмат – логикалық ойлау қабілетін артырады.» «Қазіргі екі ойын мен үшін өте оңай болды.» Есеп шығарамыз көбіне. Мат қоюды үйренеміз.»
Сайыс екі санатқа бөлінген. Әуесқойлар топбында шахматты енді бастаған жасөспірімдер бақ сынаса, кәсібилер тобында үйірмеге ұдайы қатысып жүрген, ойын тәжірибесі жеткілікті өрендер өнер көрсетті. Осы сынды интелектуальды сайыстарды ұдайы ұйымдастырып жүрген партия филалы: «мұндай шаралар жас буын санасын серпілтіп, дұрыс бағыт-бағдар алуына көмектеседі, дейді.
ҚАНАТБЕК ДОСАЛИЕВ, АУЫЛ ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ
– «Шахмат деген балалардың ой-өрісін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.»«Жүлделі орындарды алмаса да сайысқа қатысқан барлық жасөспірімді марапаттаймыз.»
Жарыс тартысты өтті. Жеңімаздар мен жүлдегерлер жеке дара-марапатталып, арнайы медаль табысталды