Әлеуметтік желіде «шетелдік инвесторларға жер берілді» деп жалған ақпарат таратқан Түркістандық азамат ұсталды. Ол кінәлі деп танылып, жауапқа тартылды.


Қазір желілерде жалған деректерді жариялайтындарға жаза қатаң!

Мұндай әрекеттер қоғамдық ахуалды тұрақсыздандырып, сенімге селкеу түсіріп, жанжалға әкеліп соғуына себеп болып отыр ,-дейді Ішкі істер министрлігі өкілдері. Соңғы жарты жылдың ішінде елде фейк ақпарат тарату дерегі бойынша 47 қылмыстық іс тіркелген. Ал, заңда жалған ақпарат таратқандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Сондай-ақ, ұлтаралық, діни, әлеуметтік алауыздықты туындатқандар да қылмыскер деп танылады. Оларға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында аталған фактілер бойынша 64 қылмыстық іс қозғалып, 15 адам сотталған.