Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
Қазіргі таңда құрылысқа лайықты орын қарастырылып жатыр. Станцияның жанында тұрақты сумен қамтамасыз ету көзі болуы керек. Роман Склярдың айтуынша, нысандардың құны туралы айтуға әлі ерте. Сөзінше жұмсалатын қаражат техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама дайын болғанда ғана анықталмақ. Айта кетейік бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үш атом электр станциясын салу қажеттігін айтқан болатын. Атом энергетикасы агенттігі Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу үшін "Росатом" халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде таңдалғанын хабарлаған еді.