Түркістандық полицейлер қоғамдық көліктерге алаяқтықтан сақтандыру жадналарын жапсырды. 550-ге жуық автобусқа түсіндірме жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары кең көлемде ақпараттық-ескерту жұмыстарын жүргізді.


Парақшаларда жиі кездесетін алаяқтық тәсілдері мен олардан сақтану жолдары егжей-тегжейлі көрсетілген. Сонымен қатар өңірдегі 90-ға жуық LED-экранда арнайы әзірленген бейнероликтер үздіксіз көрсетіліп жатыр. Бейнероликтерде тұрғындарға интернет алаяқтарының әрекет ету схемалары мен нақты қорғану жолдары жайлы қарапайым әрі түсінікті тілде баяндалған. Бастаманың негізгі мақсаты – әрбір азаматты интернеттегі қауіп-қатерден қорғау, алаяқтардың арбауынан сақтандыру және қоғамда киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, - дейді мамандар.