Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы Түркістан облысының аудандарында жалғасып жатыр. Этнос өкілдері аудан, қалаларда ақпараттық-насихаттық кездесулер ұйымдастырып жүр. Ассамблеялықтар Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Достық керуені көпұлтты Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған жоба. Халық арасындағы өзара түсіністік пен келісімді одан әрі тереңдетуге бағытталған бастама.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі нақты жауаптар беріліп, этносаралық қарым-қатынастарды дамыту, қоғамдағы бірлік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету бағытында тың идеялар мен ұсыныстар айтылды. Бұл өз кезегінде жиналғандардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, келешекте атқарылатын іс-шаралардың тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды қадамдар ретінде бағаланды.
Осылайша, «Достық керуені» жобасы Түркістан облысының аудандарында жүзеге асырылып, қоғамдағы түрлі этностардың арасындағы достық пен келісімді нығайтуда нақты нәтижелер көрсетіп отыр. «Достық керуені» жобасы алдағы уақытта облыстың өзге де аудандарында жалғасады.