Қалалық статистика департаментінің хабарлауынша, шаһардағы жайылымдық жерлер жылдан-жылға қысқарып келеді. Өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы және қоршаған орта статистикасы бөлімінің басшысы Ержан Төлбасиевтың айтуынша, бұл жағдай тұрғындар санының күрт өсіп, тұрғын үйлердің көптеп салынуымен байланысты. Есесіне Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағыты өріс алған. Маманның мәліметінше шаһардағы ауыл шаруашылығы саласындағы даму көрсткіші өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға өскен.
ЕРЖАН ТӨЛБАСИЕВ, СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Ауыл шаруашлығы өнімдерін өңдеу саласы дамып жатыр. Жылыжайлар, консерві өнімдерін өңдеу саласы» «Құс фабрикалары , үлкен жылыжайлар салынуда.»