Зейнетақы жинағына қатысты жағымды жаңалық! Енді Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшасын шешіп алған жағдайда жеке табыс салығынан босайды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңдағы жаңа өзгеріс келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ал, қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес, емделу үшін болмаса ипотекасын зейнетақы қорындағы артық қаражатынан төлегісі келген азаматтар мемлекетке 10 пайыз салық төлеуге құқылы. Мәселен, 1 миллион теңге алса, оның 100 мыңы қазынаға түсетін. Енді жаңа жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайды. Алайда, мұндай жеңілдікті шетелдегі отандастарымыз пайдалана алмайды екен. Ал, оған дейінгі бюджетке салынған салықтар қайтарылмайды.