10 жылда бір өтетін ауылшаруашылығы санағы басталды. 1 тамыз бен 20 қазан аралығында қаладағы 7 мың 200-ге жуық құрылым өзінде бар егістік көлемі, мал басы, техника саны және жұмысшы күші сынды 29 пункт бойынша ақпарат тапсыруы тиіс. Санақ қорытындысы жыл соңында жарияланады.
Санақ екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең – онлайн форматта өтеді. Ол үшін ауылшаруашылығына қатысты кәсіпорын не қожалық иесі Sanaq.gov.kz сайтына кіріп, тиісті мәліметтермен бөлісуі шарт. Науқан барысында шаһар бойынша 13 өз-өзіне қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда сауалнамадан өтушіге арнайы кеңес беретін маман және «Санақ мырза» атты жасанды интелекьт қолқабыс жасайды. Санақтан жалтарып, сауалнамаға қатыспағандарға тиісті жауапкершілік көзделген.
ЕРЖАН ТӨЛБАСИЕВ, СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Екінші кезеңде онлайн кезеңннен белгілі бір себептерге байланысты өтпей қалған құрылым иелеріне 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында арнайы мамандар барып, оларды планшет арқылы өткізетін болады.»
Кеңесәлі Қансейіт - 1997 жылдан бері жұмыс істейтін «Жиенбай К» өндірістік корпаративінің төрағасы. Оның құрылымы өсімдік шаруашылығымен айналысады. Еншісінде 212 гектер вогарлық жер бар. Онда бидай, бақсары, жоңышқа егеді. Бүгінгі санаққа ол алғашқылардың бірі болып келді. Департамент қызметкерлері азаматқа нұқсау көрсетіп, санақтан сәтті өткізді.
КЕҢЕСӘЛІ ҚАНСЕЙІТ, «ЖИЕНБАЙ К» ӨНДІРІСТІК КОРПОРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
– «Бұл санақ бізге өте керек нәрсе. Өйткені бізде 8 мыңдай агроқұрылымдар бар. Өйткені бір құрылымда техника, жұмысшы сынды мәселе болуы мүмкін. Бүгінгі санақ соған көмегін тиегізеді деп ойлаймын.»
Департамент жариялаған ақпаратқа сүйенсек шаһардағы ауыл шаруашылығы оң серпінмен жетіліп келеді. Даму көрсткіші өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға өскен. Мамандар бүгінгі санақ сол көрсеткішді одан әрі ұлғайтуға ықпал етпек дейді.