Елде жемқорлық дерегі азаймай тұр. Пара беру мен алу бойынша жергілікті атқарушы органдар мен құқы қорғау саласы көш басында екен. Бұл туралы «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысында айтылды. Алайда елімізді Шымкент жемқорлықпен күресте алдыңғы қатарда. Профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде парақорлық дерегі екі есеге азайған.


 2022–2024 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкентте 270 қылмысты тіркеген. Оның 195-і пара алу болса, 67-сі ұрлық, 5-еуі қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері. Бұлардан келген залал сомасы 7,4 млрд теңгені құраған. Бүгінігі таңда оның 5,9 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылған.


 НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Полицияқатарында сыбайлас жемқорлық қылмыстары 54 пайызға қысқарғанымен әлі де орын алып отырған антирежимнен бастап тұрған салалардың бірі болып табылады. Ішкіістер министрлігінің дерегіне сәйкес 79 сыбайлас қылмысы дерегітіркелген. 77 полиция қызметкерді жауапкершілікке тартылды. 2024 жылы қарамағындағылар қылмыс жасағаны үшін әр түрлі деңгейдегі 16 басшыс жазаланды. Оның 7 қызметінен босатылды, 7- толық сай еместігі жөнінде ескертіліп, 2 қатаң сөгіс алды.


 Отырыста сөз алған Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың кең тараған тетіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік бағдарламалар аясында өткізілетін сатып алулар барысында және еңбекақы мен түрлі үстемақыларды төлеу кезінде парақорлық пен бюджет қаражатын жымқыру фактілері жиі кездеседі.


 ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Мемлекеттік қызмет жүйесінде болып жатқан жемқорлық схемаларға жол бермеу үшін нақты әрі пәрменді іс-шаралар қажет. Шымкент қаласындағы жемқорлықтың жай-күйі әлі де жүйелі күресті талап етеді. Мәселен, салалар бойынша алғанда, жемқорлық фактілері ең көп анықталған бағыттар – денсаулық сақтау және білім беру саласы. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салаларда бақылауды күшейтуді қажет етеді


Кеңес отырысында Парламент мәжілісінің депутаттары емес, жергілікті тұрғындардың да ой-пікірі тыңдалды. Қоғам белсендісі Айжан Кесебаева 4 түрлі мәселесін көтере келген. Ол жоғарғы оқу орындарындағы парақорлық пен балабақшадағы тәрбиешілердің біліктілігі жайында айтты. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу заңына байланысты ұсынысын жеткізді.


АЙЖАН КЕСЕБАЕВА, ЗАҢГЕР, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ

4 мәселе көтердім. Оның екеуі Шымкенттің жүйелі шешілмей келе жатқан мәселесі, екеуі заңға өзгеріс. Шымкенттегі мәселеге келер болсақ біздегі заңсыз ақылы автотұрақ. Алаш, Самал, Қырғы базар сол жерлерде белгісіз тұлғалар ақылы автотұраққа айналдырып алған. Шын мәніне келгенде ол мемлекетке ешқандай салық төлемейді. Жол негізі халықтың қолданатын жолы. Бұл бизнесті біз неге ауыздықтай алмай жатырмыз. Неге жергілікті органдар назар аудармай жатыр деген ұсынысты көтердім.


Басқосуда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков партияның сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы орындалып елмен етене жұмыс істеп жатқанын жеткізді.


 ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Арнайы органдар отыр сіз кез келген уақытта көруіңізге болады. Қалай болып жатқанын процедураның. Келген уақыттан бастап Шымкент қаласында рейтингтік балдық системаға өткіздік. Бұрын болмаған система кіргіздік. Бұл енді өзіндік ашықтығын берді. Бұл барлық саланы қамтиды. Білім салсы бар, денсаулық сақтау саласы, спорт саласы. Кәдімгі коррупцияның орталығы болып тұрған сфералардың барлығын қамтыдық. Бұл жерде де жетістіктер бар.


 Жиын барысында жүргізуші куәліктерін заңсыз беру фактісі де назардан тыс қалмады. Қаржылық мониторинг агенттігі прокуратурамен бірлесе отырып, бұл салада ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкерелегені айтылды.