Мегаполис халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 79 жасқа ұлғаймақ. Өткен жылмен салыстырғанда биыл тұрғындардың орташа жасы біршама өскен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Шымкентте өткен кеңейтілген алқа отырысында ведомство өкілдері мәлімдеді. Жиында қаланың «Денсаулық сақтауды дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» әзірленді.


Құжатта еліміздегі ең ірі мегаполистердегі тұрғындардың денсаулығын нығайту бойынша шешуші және тиімді шаралар кешені қарастырылған. 2026 жылдың бірінші тоқсанында "Салауатты қалалар" Еуропалық желісіне кіруі жоспарланыпты. Аталған жоба әлемнің 30 еліндегі 100-ден аса шаһарды 30 жыл бойы қолдап келе жатқан бірегей платформа саналады. Мамандардың айтуынша, осы жоба аясында Шымкентте спорт алаңдары, вело және жаяу жүргіншілер жолдарымен толық қамтамасыз етіледі.


АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

Шымкент қаласы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дені сау қалалар деген бағдарламаға қазақстан бойынша алғашқы болып еніп жатыр. Иә, бұл өте үлкен жетістік деп айтуға болады. Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы мәлімдеме жасады. Жылдың аяғына дейін оқыту дайындық жұмыстарын жүргізіп, еуропалық қалалардың қатарына тиісті алдымызға қойған мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етуге, бағдарламамаен бекітілген оның ішінде қаражатпен бекітілдген бағ аясында сол тізімге енетін болады.01:50


Аталған жоба тұрғындарды дене белсенділігімен айналысуға шақырып, дұрыс тамақтану мен зиянды әдеттерден арылту, онымен қоса инфекциялық аурулардың алдын алуға бағыттамақ.


НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Бұл экология бастау аладвы. Бұл тек денсаулық емес! Бұл біздің тазалығымызға байланысты.Біздің мынау қаламыздағы жаяу жүргіншілері мен велосмпедтік жолдар қазір жасалып отырған. Соны ары қарай дамытуға, Басқа қалалардан Еуропадан соның тәжірибесін ала отырып, қаламызды әрі қарай дамытуда. 


 Сондай-ақ, шұғыл медициналық көмек кабинеттері көбейеді. .Даму және ерте араласу орталықтары да ашылады. Ал, мектептерде стоматологиялық кабинеттербой көтеріп, медициналық ұйымдардың базасында 30-дан аса бейінді құзырет орталықтары құрылмақ.