«Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға бірқатар елдің Президенттері келді. Бүгін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ұшып келді. Мәртебелі меймандарды әуежайдан Премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алды.