Ер қанаты – ат. Балаңыз жылқыны ерттеп, сәйгүлікке міне алады ма? Олай болмаса жас өренді ат шабарға алып барып, жұмыр тұяқты жануарды таныстырыңыз. Өйткені, қазақ жылқы малын жолдас көріп, түзде тілеулес санаған. Жалынында ойнап, көлік ретінде пайдаланған. Дәстүрге дендеп, құндылыққа құмартқан спорт басқармасы «Таутұмар» іс-шарасын ұйымдастырып, қазақтың атбегілік өнерін насихаттады.
Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған сайыста жасөсіпірімдер жылқы жануарын ерттеп, ат әбзелдерін салып жарысты. Сәйгүлікті баптау шеберлігін көрсетіп, келушілерді таң-тамаша етті. Саян Әбілда сайысқа қатысу үшін шалғай ауылдан арнайы келген. Байқаудан тәжірибе алып, білік ұштауды мақсат еткен ол қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды.
САЯН ӘБІЛДА, КӨРЕРМЕН
– «Атты туылғанымнан бері мінемін. Жақсы көремін.» Басқа жастарға атқа мініп, өз-өздерін шынықтырсын деп айтқым келеді.»
Атбегілік өнері — ат баптаумен ғана шектелмейді. Бұл – тәлім-тәрбие, төзім мен таным мектебі. Олсылай деген Талапбек Қыпшақбаев ұлттық өнердің ұлықталуы – халық рухын оятып, негізін қалыптастырады, - дейді.
ТАЛАПБЕК ҚЫПШАҚБАЕВ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Сәйгүлікті басқарған жас бала ертеңгі күні өзінің өмірің дұрыс жоспарлайт дұрыс басқара білет ол баяғыдан дәлелдеп кеткен ата бабамыздан тарихи мұраларымыз бүгінгі іс-шараға таутұмар біздің бірент ретінде қалыптасып ұлттық спортмызды дамыту»
Ат жалын тартып мінген әр бала ұлттық рухқа қанып өседі. Бұл денсаулық жағдайына да әсер етіп, қан айналымын жақсартады. Сондықтан да мамандар ат мініп, бір мезгіл жылқымен серуендеуді ұсынады.