Елімізде білім саласында қолға алынған дуалды оқыту жүйесі шәкірттер үшін оңтайлы болып тұр.Өйткені студент алған білімін өндіріс орнында ұштайды.Тіпті оқып жүріп еңбек етіп, қосымша табыс табады.Сөйтіп жас маманның жұмыс үрдісінде өз кәсібіне деген көзқарасы қалыптастырады. Шымкенттік колледж студенттері бағдарлама аясында ірі комапнияларда өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа да орналасып алған.


Колледж студенттері жазғы практикасын қаладағы бірнеше өндіріс орындарында өтіп жатыр. Екі жақты келісім негізінде олар осында тәжірибесін практикамен ұштастырады. Яғни болашақ жас мамандар өз кәсібінің қыр-сырын үйренеді.


 БЕКЖАН АЛШОРА, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ

Дуалды оқытудың ең бастылығы оқу теория жүзінен көрі көргенде тез үйренесіз Дуалды оқыту жүйесімен біз өзіміз де бардық кәсіпорындарға шевролет центргебардық Меркуриге барғанбыз. Ол жердегі жұмыстар көлікті сатуға дайындау. Мотор жөндеп машинаны сатуға дайындау. 


Дуалды оқыту жүйесі болашақ мамандарды жұмыспен қамтуға ыңғайлы жоба. Яғни студент теориялық білімді тәжірибемен ұштастырады. Бұл екі жаққа да тиімді. Білім ұясы шәкіртін шыңдайды. Ал, жұмыс беруші білікті жас маманды таңдайды.


 ЗУФАР ШАМШИМЕТОВ, ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ

Бұл жоспралаған іс шара біздің серіктестермен келесі оқу жылына шефства дейді дулады оқытуды дамыту топтарының санын сапасын арттыру білім беру бағдарламасын ақылдасу, ой бөлісу.


Заман ағымына қарай мамандық таңдаған шәкірттерге білім беріп жүрген ұстаздар да осал емес. Қайратбек Егембердіұлы тәжірибелі инженер-педагог. Кезінде қаладағы ең ірі автокомбинатта жұмыс істеген. Соңғы 20 жылдан бері колледжде сабақ береді. Дуалды оқыту жүйесі өте тиімді, дейді байырғы инженер.


ҚАЙРАТБЕК ЕГЕМБЕРДІҰЛЫ, ИНЖЕНЕР-ПЕДАГОГ

Қазір дуалды оқыту жүйесінде 500 ден астам бала оқытып жатырмыз. Тікелей автопарктермен байланыстамыз. Дуалды жүиенің негізгі қағидасы практиканың үлесі 60-65 пайыз болуы кереке. Сол 65 пайызымызды қызір біз өндіріс орындарында өтіп жатырмыз.


Жарты ғасырдан астам тарихы бар жол-көлік колледжінде жеті түлі мамандық бойынша шәкірт тәрбиелейді. Білім ұясының техникалық базасы жаңғыртылып, шәкірттерге барлық жағдай жасалған. Дуалды оқыту жүйесі негізінде бүгінгі сұранысқа қарай өндірісте жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан түлектерді даярлап жатыр. .