30 жас әскерге аттанды. Отан алдындағы міндетін абыроймен атқаруды мақсат тұтқан ұландар Отар гарнизонына жөнелтілді. Шығарып салу салтанатына мектеп оқушылары мен сала арадгерлері қатысып, сарбаздарға ақжол тіледі.
Бекқожа Жақсылық – коледж студенті. 3 курста оқиды. Жасы 18-ге толысымен бірден арнайы бөлімшеге келіп, әскер қатарына алынуды сұранған. Мамандар үміткерді медициналық тексерістен өткізіп, жарамды деп таныған. Енді ол колледж қабырғасынан 1 жылға үзіліс алып, әскери борышын өтейді.
БЕКҚОЖА ЖАҚСЫЛЫҚ, ЖАС САРБАЗ
- «Әр ер азамат әскер қатарында борышын өтеп келгені дұрыс деп есептеймін.» «Өз еркіммен келдім. Ешкім мені күштеген жоқ.»
1 наурыз бен 30 маусым аралығында көктемгі әскерге шақыру науқаны жүреді. Әбдіғабит Шегебаевтың айтуынша, меже - 1000-нан аса сарбаз. Бүгінде жоспар 80 пайызға орындалып, 800-ге жуық азамат әскер қатарына жөнелтілген. Енді тағы 300-ге жуық сарбаз борышын өтеуге аттанады.
ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ, ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ
– «Бірінші мақсатымыз жастарды отансүйгіштікке баулу. Енді олар 12 ай, 1 жыл, 365 күн отан алдындағы борышын атқарады.»
Департамент бастығының айтуынша әскери міндетін абыроймен атқарып, көзге түскен үздік сарбаздар арнайы сертификат алады. Соның негізінде жоғары оқу орнына грант алып, кез-келген мамандықты тегін оқиды.