Жалған ақпарат таратқандар жазаланады. Әлеуметтік желіде қала әкімдігін мемлекеттік сатып алуды бір көзден ұйымдастырды деп мақала жазған масс медиа өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек бүгін өткен брифингте осылай деді. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде жарияланған жазба негізсіз айыптауға жатады екен.


Брифингте алдымен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қазынадан қаралған қаржыны нақтылады. Жылдық кіріс пен шығысты және әр салаға бөлінетін бюджет көлемін айтып өтті.


АЙДЫН КӘРІМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Қала қазынасы артуымен бірге әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Жалпы бюджет көлемі 850,1 млрд тг құраса оынң 427,5 млрт теңгесі немесе 50,3 пайызы әлеуметтік салаға, 154 мдлр тг тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққат, 130,7 млрд теңгесі көлік инфрақұрылымына бағытталған. Денсаулық сақтау саласы да әлеуметтік саланың бір бөлігіне жатады. Бұл саланың басым бөлігі республикалық бюджеттен МӘМС арқылы жүргізіледі.


 Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі брифинг масс мадиа өкілдерінің шындыққа жанаспайтын ақпарат таратуына жол бермеу үшін ұйымдастырылып отыр. Олар әлеуметтік желіге жазба жариялағанда абай болу қажеттігін алға тартты. Бірнеше мысалдарды келтірді. «Кейбір ақпараттық сайтта жол құрылысы мен әлеуметтік осыл топтағы азаматтарға арналған көпқабатты үйдің құрылысына қатысты сатып алу кезінде жемқорлыққа жол берілгендігі туралы мақалалар жарық көрді. Бірақ, бұл жалған ақпарат. Жазылған деректер шындыққа жанаспайды»-деді қала әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛІ

кейбір ақпараттық сайттарда әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының әкімдігіне қатысты негізсіз, жалған айыптау фактілері бар бірнешге посттар жарияланды. Соған қатысты сіздердің алдарыңызда барлық сұрақтарға егжей тегжейлі жауап береміз. Себебі өздеріңіз білесіздер президентіміз Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдасамын ұстанатынын жариялықты қамтамасыз ететінін бізге мойнымызға артып отыр. Осы себепті біз өткізіп жатқан және өткен конкурстық процедураларға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты бүгін барынша сіздерге баяндайтын боламыз.


 Мемлекеттік сатып алулар биыл қаңтар айынан бастап жүйелі түрде ашық порталда ойнатылып келеді. Есеп-қисабын шығарып, қорытындысын көрсететін де осы платформа екен.


БАУЫРЖАН НИЯЗБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сатып алу рәсімдері бізде веб порталы арқылы жарияланады. Бұл ретте конкурстік комиссия құрамына тапсырыс берушілер тарапынан өкілдер қосылмайды. Бастама біріңғай ұйымдастырушы ретінде 2025 жылы жалпы 1360 лот қатысып алу өткізді. Соммасы 245 млрд теңге. Қорытындыларға сәйкес үнемделген қаражат 7,1 млрд теңгені құрады. Оның 60 пайызы ашық тәсілмен 40 пайызы рейтингтік балдық жүйе конкурсымен өтті. Сонымен қатар ашық конкурста орташа есеппен алғанда кем дегенде 10-20 өнім берушілер қатысып олардың 70 пайыздан төмен емес өтінімдері конкурсқа қатысуға жіберіледі. Заңға сәйкес құрылыс монтаждау, жобалары әзірлеу және техникалық қадағалау қызметтері мәндетті түрде рейтингтік балдық жүйе пайдаланатын конкурстық тәсілмен өткізіледі.


 Сәрсен Абайұлы қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша қаржылық тұрақтылығы бар мекемелер ашық бәсекеде жеңіп алатынын айтып отыр.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛІ

 Ендігі кезекте қаржылық тұрақтылық жағынан мықты компаниялар ғана, әлеуеті жететін, әлеуеті жоғары компаниялар осындай тендерлерге конкурстарғ қатысып дер кезінде бізде соның арқасында көгілдандыру мәселесі де, жолды жөндеу де соның арқасында жарықтандыруымыз бар басқада қаншама жұмыстарымыз осының арқасында дер кезінде жүзеге асып жатыр. Бұл мемлекетке де пайда, бұл тұрғындарға да тиімді.


 Әлеуметтік желіде талқыға түскен мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша жарияланған жазба авторларына сот филологиялық сараптама тағайындап, қылмыстық іс қозғапты.


 АРМАН АРУН-РАШИДҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ

Қылмыстық кодекстің 274 бабына сәйкес бұл жерде масс-медия телекомуникация желілерінде онлайн платформада пайдалана отырып көрнеу, жалған ақпарат тарату бойынша. Алайда сараптаманың қорытындысына сәйкес тексеру жұмыстарының жүргізу барысында қылмысқұрамының болмауына байланысты біз қылмыстық істі қысқартып, алайда әкімшілік құқықбұзушылық сипаттардың болуына байланысты қазіргі таңда Еңбекші аудандық полиция басқармасында әкімшілік іс қаралуда. Толыққанды тексеру амалдары жүргізіліп біткеннен кейін материалдар әкімшілік сотқа жолданатын болады. Әкімшішлік кодекстің 73-3 бабына сәйкес Бұл жерде бабында көрсетілгендей жала жабу.


Әлеуметтік желіде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өткізген мемлекеттік сатып алуы туралы да айтылған. Онда жөндеуге бөлінген 40 миллиард теңгеге салынған жол сапасы сын көтермейтіні және сатып алу жеңімпаздары өзгеріссіз қалғаны туралы жазылған еді. Алайда жергілікті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып отыр.