Шымкенттік студент халықаралық олимпиадаға жолдама алды. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенті Батырхан Нариманов Ресейдің Новосибирск қаласында Қаржылық қауіпсіздік бойынша өтетін олимпиадаға жолдама алды.
Іріктеу кезеңінің екі турының қорытындысы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің төрт шәкірті үздік нәтиже көрсеткен. Ал Астанада өткен іріктеу кезеңінде Батырхан Нариманов үздік 40 студенттің қатарынан көрінді. Жеңімпаздарды экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері марапаттап, сый-сияпат жасады.
БАТЫРХАН НАРИМАНОВ, ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ
Қазіргі кезде қаржылық сауаттылық халық арасында өте аз. Бірақ оны қаржылық сауаттылықты көтеру үшін студенттер арасында осы олимпиада ұйымдастырылған болатын. Ол жерде бізде тест болды біріні этап. Ол тесттен көп сұрақтар болды. Есеп шығару, ақпараттық қауіпсіздік бойынша тақырыптар көп болды. Көп тақырыпты білгендіктен өзімді алып шықтым.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң мен тәртіп» ұлттық нарративасы аясында сәуір айында еліміздің барлық өңірінде қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада ұйымдастырған болатын. Оған 3 мыңнан астам студент қатысып білімі мен қабілетін сынға салды.
ДӘУРЕН ТҰРҒЫНБАЙ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПОЛКОВНИГІ
Біз алты жерде бір уақытта және Түркістан сарайында бір уақытта күніне үш мезгілде семинар жүргізіп отырдық. Жалпы 34500 студентті қамтыдық. Осының нәтижесінде 512 студент агенттік құрамындағы АМЛ академиямыз бар. Сол академиядағы өтетін олимпиадаға тіркеуге алынды. Сол 512 студенттен 4 студент іріктеуден өтіп, Эссе жазып үш этаптан тұрды. Енді ол 4 студент Астанадағы іріктеуден елімізден 10 студент бару керек. Бір студент ШЫмкент қаласының өкілі болды. Бұл да біздің департаменттің жетістігі.
Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық олимпиадада қыркүйек айында Ресейдің Красноярск қаласында өтетін болады. Ел намысын 10 студент қорғамақ.