ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Алшынбаева Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, мемлекеттік қызметкерлер арасында семинар-кеңес өткізді. Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау мәселелеріне арналды.
Кездесу Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында өтті. Семинар-кеңеске Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері және Халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері қатысты. Онда мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру, ашықтық пен жауапкершілікті қамтамасыз ету тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмауға арналған нақты шаралар ұсынылды. Қорытындысы бойынша Түркістан облысындағы мемлекеттік қызметшілерге бірқатар ұсыныстар беріліп, олардың алдағы жұмыстарында басшылыққа алу қажеттігі айтылды. Бұл басқосу мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі ретінде бағаланды.