Шымкенттік көлік жүргізуші есірткі өнімін тасымалдау кезінде қолға түсіп, машинасынан 250 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің хабарлауынша Халықаралық "Канал" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ұсталған күдікті есірткі а-PVP атты түрін тасымалдамақ болған. Алайда тәртіп сақшылары қырағылық танытып, заңсыз әрекеттің жолын кескен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.