AMANAT партиясы құқықтық көмек жобасы аясында медициналық ұйым қызметкерлерімен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Онда ұжым мүшелері халық қалаулыларына көкейтесті сауалдарын жолдап, түйіткілді мәселелерін жеткізді. Жиынға қатысып қайтқан Қанат Жолдасбек тарқатып айтады.


 Мекеме қызметкері Гүлзат Жақсылыққызы бүгін мамандардан үй кезегіне тұру жайында ақпарат алып, кеңес тыңдады. Екі бірдей баласы ақылы мектепке баратын ана депутаттардан көмек сұрап, мәселесіне шешім тапты.


 ГҮЛЗАТ ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 – «Үй кезеігіне қалай тұруға болатыны жайында кеңес алдым. Ол мәселе шешілетінін айтты. Және балаларымды да тегін оқытып береміз деп айтты.»


Төрайым Сұлтанова – жергілікті мәслихат депутаты. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оны мінберде көтеретін маман, депутаттың қозғаушы күш екенін айтады. Қоғамдық мәселелерге үн қатып, азаматтық пікірін іркіп қалмайтын ол қоғамдық қабылдауда көтерілген сын, айтылған пікір жерде қалмайды дейді.


 ТӨРАЙЫМ СҰЛТАНОВА, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

– «Халық көптеген талап-тілек, өтініштері орындалмаған жағдайда партияға келіп жүгінеді. Сондықтан біз қабылдау кезінде олардың барлық мәселелерін шешуге тырысамыз. Өз тарапымыздан басқарма басшыларына, орынбасарларына жеткіземіз. Депутаттық жолдау жасаймыз.» 


Құқықтық көмек барысында 20-дан аса қызметкер халық қалаулысы мен партия қызметкерлеріне жүгініп, кеңес алды.