Рақымшылық аясында түрмеден нақты 662 адам шығады. Сондай-ақ артық жүріс-тұрысына шектеу қойылып, қатаң қадағалауда жүрген 3,5 мың азамат жазадан босатылады. Шамамен 11 мың қылмыскердің темір тордағы мерзімі қысқартылмақ. Осылайша биыл конституцияның 30 жылдығына арналған амнистияға барлығы 15 мың адам ілінеді. Кезекті жеңілдіктің терроризм, экстремизм, азаптау және жемқорлық баптары бойынша сотталғандарға қатысы жоқ . Бірақ:
АБЗАЛ ҚҰСПАН - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Егер ол мемлекеттік қызметтің қатысуынсыз, бюджеттің қарауының қатысуынсыз жай бір жеке компанияларда, мемлекеттік емес мекемелерде орын алуы мүмкін ғой. Оларға қатысты әрине рақымшылық қолданылады. Тек ол жерде міндетті түрде қойылатын талап,келтірілген материалдық шығынды толықтай өндіру, қайтару.
Қазіргі таңда елімізде 40 мыңнан астам адам қамауда отыр. Олар түрмедегі күндерін белгілі бір күн тәртібіне бағынып өткізеді. Мәселен, Астанадан 70 шақырым жердегі Аршалыдағы қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде 429 азамат жазасын өтеп жатыр. Абақтыдағылардың тең жартысы жұмыспен қамтылған. Мұнда наубайхана, тігін тігу және әртүрлі қағаздарды өңдеу цехы бар. Қылмыскерлер жүйелі жұмыс істеп, үлгілі тәртібінің арқасында да мерзімінен ерте босап шығуы мүмкін.))
ӘСЕТ МОЛДАХМЕТОВ - № 2 ҚАУІПСІЗДІГІ БАРЫНША ЖОҒАРЫ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ ТӘРБИЕЛІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Мекеме қызметкерлерімен әртүрлі іс шаралар жүргізіледі. Дәрістер, әртүрлі іс-щаралар, сол іс-шаралардың нәтижесінде әртүрлі көтермелі іс шаралар қолданылады. Сол көтермелі іс-шаралардың нәтижесінде мерзімнен бұрын шығу есепке алынады. Мысалы, 2024 жылы шартты түрде мерзімнен бұрын 70 соттталған босап, үйлеріне ерте оралды