Қала күні қарсаңында шаһар басшысы үш бірдей өндіріс орнына барып, ашылу салтанатына қатысты. Оның бірі - "Оңтүстік" экономикалық аймағында орналасқан кеңсе қағаздарын шығаратын өндіріс орны. Екіншісі - химиялық, дезинфекциялық құралдарды өндіретін компания. Ал үшіншісі - "Жұлдыз" индустриалды аймағында орын тепкен SAURAN BRICKS автоклавты газдыбетон дайындайтын зауыт. Т


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

«Лентасы қиылып, іске қосылғалы тұрған сіз бен біз күнделікті қолданатын кеңсе қағаздарын шығарумен айналысады. Компания директорының айтуынша қазір мұнда 15 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың санын 35-ке дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Өндіріс орыны жылына дәл мынадай 3,5 млн дана қорап шығаруға қауқарлы.»


Мегаполисте кеңсе қағаздарын өндіретін кәсіпорындар бұған дейін де болған. Бірақ, бұл зауыт Ресейлік танымал брендтің Қазақстандағы алғашқы франшизасы. «Сапа деңгейі түпнұсқамен бірдей. Жұмыс барысында «SvetоCopy» компаниясының мамандары біздің нысанға арнайы келіп, іс-тәжіриебелерімен бөлісті» - дейді Дархан Шынболатұлы


ДАРХАН ШЫНБОЛАТҰЛЫ, BIK KANS КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«Негізгі мақсатымыз Қазақстан халқына тиімді бағамен сату және инпортты азайту болып отыр.»


Бұдан кейін шаһар басшысы химиялық, дезинфекциялық құралдарды өндіретін ZeineP кәсіпорнының табалдырығын аттады. Өнімдерге назар аударып, сапа стандарты жайында ақпарат алды. Жылына 10 тоннаға дейін өнім шығаратын зауытта 80 адам жұмыс істейді. Басты мақсат ішкі нарықты қамтамасыз етіп, дайын өнімдерді ТМД елдеріне экспорттау.


Ал мынау Жұлдыз индустриялық аймағы. Мұнда Автоклавты газды бетон шығаратын SAURAN BRICKS зауыты ашылды. Инвестициялық құны 7,8 миллиард теңге. Өнідіріс ошағы толық іске қосылғанда 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды. Компания директорының сөзінше, жұмысқа тек жергілікті азаматтар алынады. Жылына 200 мың текше метр газды бетон шығаруға қауқарлы. Материалдар негізінен тұрғын үй құрылысына арнап өндірілмек.


ҚАЙСАРБЕК МАХАМБЕТОВ, SAURAN BRICKS ЖШС ДИРЕКТОРЫ

«Негізі тұрғын үйдің материалы болып есептеледі. Қазір қаламыз қарқынды даму үстінде. Жаңа шағын аудандар салынып жатыр. Сондағы көпқабатты үйлерге газаблок қолданылады.» -  «Біздің зауыттағы жалақының ең төмен мөлшері 250 мың. 500 мың мен 250 мыңның арасы ғой бізде.» 


Ғабит Сыздықбеков зауыт басшысымен бірге арнайы батырманы басып, өндіріс ошағын іске қосты. Компания жұмысына сәттілік тілеп, ақ адал қызмет атқарарына сенім білдірді.


ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

«Баршаңызға құтты болсын! Берекелі жұмыс болсын. Еліміз бен қаламыздың экономикалық дамуына, өркендеуіне үлес қоса беріңіздер. Біз өз тарапымыздан қолдаймыз.» 


Біржан Әзімбердиевтің айтуынша кәсіпкерлерге жайлы жағдай жасалып, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олар мүлік және жер, корпоративтік табыс салығынан босатылады.


БІРЖАН ӘЗІМБЕРДИЕВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

«Индустриалды аймақтарда жер дайын инфроқұрылымдармен бірге беріледі кәсіпкерлерге. Жалға алынады. Кәсіпкерлердің жерді сатып алу құқығы бар.»