«Есірткісіз өмір – жарқын болашақ». Түркістан облыстық Полиция департаменті мен әкімдіктің қолдауымен марафон ұйымдастырды. Іс-шараға жүзден астам жасөспірім қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар арқылы жастарды зиянды әдеттерден алшақтатуға болады.
Таңмен таласа басталған марафонға мектеп оқушылары мен колледж студенттері, еріктілер мен спортшылар жиналды. Жиында жастарға есірткі тұзағының қаншалықты қауіпті екені айтылды. Мамандар зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсерін түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді.
ҒАЛЫМЖАН ҚҰДИЯРОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Облыс көлемінде 500-ге жуық спортшылар мен қала тұрғындары мен нашақорлыққа қарсы іс-шара ұйымдастырып отырмыз. Біз нашақорлыққа қарсымыз.
Ұзындығы 3,5 шақырымға жуық қашықтықты қамтыған марафон Бекзат Саттарханов көшесіндегі "Мемлекеттік рәміздер" алаңында аяқталды. Марафон соңында жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
НОДИРЖАН ХАСАНТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Түркістан облыстық жан- жақтан жиналған белсенді жастары, спортшылары және түрлі сала өкілдері келіп отыр. Басты мақсат жастар нашақорлыққа қарсы екенін дәлелдеп басын біріктіріп осындай үлкен бір іс-шараға қатысты. Қазіргі таңда көріп отсаңыздар жастарымыз белсенділік танытып отыр. Баршаңызға сәттілік.
«Есірткісіз болашақ» марафоны – жастардың өз болашағына деген жауапкершілігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.