Той халықтың қуанышы. Бірақ, сіздің шаттығыңыз үшін өзге біреу жапа шегіп, қатер астында қалмауы тиіс. Түркістандық полицейлер түнде тәртіп бұзып, жолда жүру ережесін ескермеген той кортежін тоқтатты.
Түнгі ауысымдағы полицейлер назарына Леңгір қаласы көшелерінің бірінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көліктер тобы ілінді. Тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, құқық бұзушылықтың алдын алды. Тексеру кезінде жүргізушілердің той кортежіне қатысқаны және жол қозғалысы талаптарын сақтамағаны анықталған. Сондай-ақ түні көліктер шеруін ұйымдастырған мектеп оқушылары да ұсталды. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Заң талаптарын түсіндірумен қатар, бірнеше жүргізушіге шара қолданылды. Аталған екі жайтқа байланысты 17 автокөлік айыптұраққа қойылды.