Астанада мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбаевтың жеке архиві Президент Архивіне тапсырылды. Салтанатты шарада жазушының отбасы мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткерлері құттықтау лебіздерін білдіріп, Әбіш Кекілбайұлының рухани-мәдени мұрасының ел тарихындағы орнын атап өтті. Құжаттарды тапсыру туралы келісімшартқа қол қойылып, көпшілік назарына жазушының құнды құжаттары, жеке хаттары, Парламент пен Үкіметтегі баяндамалары, сирек фотосуреттері, жеке заттары мен тарихи бейнежазбалары ұсынылды. Жинақталған мұра көлемі- 22 мыңнан астам парақ, 308 сақтау бірлігі.
АБЫЛ КЕКІЛБАЕВ, Ә.КЕКІЛБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ
Осы құжаттарды реттеуменен рәсімдеу жұмыстары 2 жылдан астам уақыт алды. Тәуелсіздік алған кездегі жазылған сөйлеген сөздері менен баспада басылған мақалалардың түпнұсқалары да осы жерде сақтаулы. Атамыздың 99-шы жылдан бастап әлі көз көрмеген, ешқайда жарияланбаған өлең кітаптарын тапқанбыз. Ол өлең кітабы былтыр 85 жылдығына табысталған.