Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осының аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.


Былтыр жаңа форматтағы 105 мектеп салынды. Ал биыл жыл соңына дейін тағы 112 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша, жаңа оқу жылында қосымша 206 мың оқушы орны беріледі. Аталған жоба аясында салынған нысандар бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді. Олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төрт спорт залға дейін қарастырылған. Ұлттық жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салу жоспарланған. Аталған жоба аясында 800-ге жуық ауыл мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтті.