Мақтаарал ауданында дихандар биыл 60 мың гектар жерге егін егіп, оның 35 мыңнан астамына мақта шитін сепкен. Былтырмен салыстырғанда ақ ұлпа көлемі 1,5 гектарға ұлғайған. 14,500 гектарға бақша дақылдары егілген. Тамшылатып суару технологиясы еселеп өнім алуға негіз болып отыр.
Мақтааралдық Ташмұратовтардың еңбек өтілі ғасырға жуықтайды. Анарбай қария атадан жалғасып келе жатқан диханшылықты енді немересіне үйретіп жүр. Шаруа егін алқабындағы жерді айтпағанда үй іргелік жерден көл көсір пайда тауып отыр. Ерте көтемде отырғызған қызанақтарын екінші рет теріп жатыр. Көшетті дәннен бастап өздері әзірлейді. Оны жылыжайға отырғызып, күтіп-баптайды.
АНАРБАЙ ТАШМҰРАДОВ, ДИХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Кішкентай Абрар атасынан көп нәрсені үйренген. Көкніс дәнін отырғызудан бастап оны күтіп-баптау жылыжайға отырғызу сияқты жұмыстардың барлығын жасайды. Тіпті көкөністің ішіндегі арам шөптерін жұлып, дайын өнімді жинайды. Өзі спортпен шұғылданғанды жақсы көреді. Бос кезінде атасына қолғабыс жасап, диханшылықты үйренеді.
АБРАР АНАРБАЕВ, НЕМЕРЕСІ
Мақтааралдық дихандар жалпы ғасырға жуқы уақыттан бері ақ алтын егумен айналысады. Алайда күні бүгінге дейін ол шикізат күйінде сатылып келді. Енді мақта терең өңделеді. Жергілікті билік өзбекстандық ең ірі тоқыма компаниялардың бірімен келісімге келді. Құны 45 миллион долларды құрайтын жоба аясында логистика хабы, мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, трикотаж мақта фабрикасы, мата бояу фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылатын болады. Екі мың адам жұмыспен қамтылады.
БАЯЗИТ ӘЛІМҚҰЛ, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Мақтаарал ауданында 8000 гектарға су үнемдеу технологиясын ендіру жоспарланып отыр. Күні бүгінге дейін 2750 гектар жерге енгізілді. Отандық компаниямен келісіліп, жыл соңына дейін жалпы 5-6 мың гектарын орындау жоспарланған.