«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң жобасы қаралып жатыр. Құжатта Президент айтқан «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағида сақталмақ. Яғни мемлекеттік аппараттың жұмысын ашық жүргізу көзделіп отыр. Осы және өзге де мәселелер бүгін Астанада өткен GovHR форумында талқыланды.  Жиында мемлекеттік қызметті трасформациялау, адами ресурстарды басқарудың өзекті мәселелері қозғалды. Халықаралық диалог алаңына БҰҰ өкілдері, АҚШ, Қатар, Оңтүстік Корея, Моңғолия сынды 10-нан аса елдің уәкілетті орган басшылары мен жетекші мамандары жиналды. Әр мемлекет өз тәжірибесімен бөлісіп, саланы цифрландыру туралы ұсыныстарын айтты. Нәтижесінде, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған жасанды интеллект, Big Data, блокчейн технологияларын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланды. Сондай-ақ, деректерді біртұтас көзден басқару, бюрократиялық кедергілерді азайту, цифрлық қауіпсіздікті күшейту жұмыстары жүргізілмек.


ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Былтырғы HR форумда өздеріңіз білесіздер, 29 жылға дейінгі мемлекеттік қызметті дамыту концепциясы қабылданды. Енді осы форумның негізінде жасанды интеллектіні «e-Qyzmet»-ке енгізу бойынша өзімізде лаборотория ашылды. Сол лабороторияның ішінде соны енгізу бойынша қазір жұмыстартар жүргізіп жатырмыз.


ДХАРЕНДРА ВАРДХАНА, СИНГАПУРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАНЬЯНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Сингапур – бәрін 0-ден бастады. Бізде табиғи ресурстар аз, жеріміз шағын. Соған қарамастан экономикалық тұрақтылыққа қол жеткіздік. Бұл жетістіктің басты себебі – меритократия қағидаты. Яғни, қабілетті, білімді, еңбекқор адамдарға мүмкіндік беру арқылы мемлекетті басқаруды игердік. Бүгін осы тәжірибемізбен бөлісіп, тиімді басқару үлгісі туралы баяндама жасадым. Әрі Қазақстаннан да үйренеріміз көп екен. Меніңше, екіжақты тәжірибе алмасу - аса қажет процесс.


Шара барысында мемлекеттік басқарудағы халықаралық тәжірибе мен ғылыми зерттеулерге негізделген кітап таныстырылды. Бұл туындының жарыққа шығуына 19 елден 39 автор атсалысқан. Ал алғы сөзін Қазақстан Президенті жазды