Қала күні мерекесі «Қазақстан-Түркия Достығы» саябағында да тойланды. Арнайы концерттік бағдарлама қойылып, жиылған жұрттың жанын жадыратты. Еңбекші ауданында өткен мерекелік кешке әріптесім Аида Ташева да қатысып қайтқан болатын. Бірге көрейік.


"Қазақстан–Түркия Достығы" саябағы, халық жиналған сәт


Кеш барысында республикалық деңгейдегі әншілер мен би ұжымдары өнер көрсетіп, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Цирк әртістері мен аниматорлар балаларға қызықты бағдарлама әзірледі.


ЕРЛАН КҮЗЕНБАЕВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қала күні – тек мереке емес, бұл – тұрғындардың еңбегіне, сүйіспеншілігіне берілген баға. Бүгінгі кеш халықтың бірлігін, ынтымағын тағы бір дәлелдеді.


Қала күні – әр шымкенттіктің жүрегіне қуаныш сыйлайтын ерекше мереке. Осындай кештер көрерменге рухани демалыс сылайды. Айтып, өтейік, іс-шара барысында қаланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


ӘМІРХАН ТӨЛЕЕВ, БАДАМ-1 ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ БИІ

 Осындай игі шаралар ел ішіндегі ынтымақ пен татулықты арттырады. Халық риза, балалар мәз. Біз мұндай бастамаларды әрдайым қолдаймыз.Мереке құтты болсын!


Айтулы датаны он күн бойы айрықша атап өткен жергілікті билік мұндай кештер бүгінгімен тоқтап қалмайтынын айтады. Алдағы әр сенбі, жексенбіде шаһардың барлық демалыс аймақтарында арнайы концерттік бағдарламалар қойылады.