Қазақстанның ауылдарына старлинг спутниктік интернеті орнатылады. Бүгін Сенатта өткен дөңгелек үстелде Цифрлық даму министрінің орынбасары осылай деп мәлімдеді. Қазір ел бойынша 1049 елдімекенге интернет желісі әлі тартылмаған. Байланыс операторлары кей ауылдарға оптикалық талшық тарту тиімсіз екенін алға тартып отыр. Жаңа желіні жеткізу тым қымбатқа түседі. Ал құйылған қаржыны ақтау мүмкін емес дейді олар. Цифрлық даму министрлігі 2027 жылға дейін барлық елдімекенді интернет желісіне қосамыз деп жоспар қойған. Сондықтан, ғаламтор жеткізудің жаңа жолын қарастырып жатырмыз деді вице-министр
ДОСЖАН МҰСАЛИЕВ – ҚР ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Ол жерлерге спутниктің интернетті алып баруды көздеп отырмыз. Қазір біз старлинг компаниясымен келісім шартқа отырдық. Одан басқа УанУеб компаниясы бар. Қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Одан басқа Қазақстандық оператор КазСат бар. Соларды қолдана отыра алыс жерлерге, ауылды мекендерге, таулы жерлерге солармен интернетті жібереміз деп көзеп отырмыз.