Шымкентте бұрын соңды болмаған концерт өтті. Той думан фестке 50 мың адам жиналып, эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалады. Әуезді ән, шоу-думан жергілікті тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 80-ге жуық ән шырқалған кешке тілшілер де қатысып қайтты.


ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Астана алаңына күн жарықтан жиылған жұрт түн жарымға дейін тарқамады. Ерекше атмосферада рухани демалды. Тіпті көптен күткен кездесулер де осы жерде ұйымдастырылып жатты.


ҚҰРБАНКҮЛ БАЙСАПАРОВА, ҚАЛА ҚОНАҒЫ

Мен осы жерге кластастармен кездесуге келіп тұрмын. Қалаға қонақпын, Монтайтастан келдім. Мынау шаһар күн санап көркейіп келеді.


КҮЛӘН БЕГАСЫЛОВА, ҚАЛА ҚОНАҒЫ

Кластастар кездесуі болып жатыр. Өте көңілді. Мынау қала әкімдігіне рахмет. Осындай концерт өткізіп жатыр.


Бұл іс-шара еліміздің 100-ге жуық танымал әншілері мен жас орындаушылары бір сахнада бас қосты. Олардың қатарында елге кеңінен танылған жұлдыздармен қатар, жас таланттардың тұсауы кесілді.


АЛТЫНАЙ АСАНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Немерелерімізбен келдік. Қандай керемет. Демалып көріп жатырмыз. Қала да керемет. Ауа райы да жақсы.


ӘДЕПКҮЛ ПИЯШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Біз осындай концерттерге қалмай келеміз. Қуанамыз. Шымкент көркейе берсін.


«Той думан fest» — бұл әдеттегі концерттік бағдарламадан өзгеше, ел мәдениетінің ауқымын көрсететін және ұлттық рухты жаңғыртатын ерекше мәдени алаң. Кеште әртүрлі буындағы орындаушылар, этно-ансамбльдер, заманауи топтар, танымал дуэттер бір сахнада өнер көрсетті. Жұлдыздарымен жүздескен шымкенттіктердің де қуанышы ерекше болды