Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар мен олқылықтар өңір басшысының қатысуымен өткен жиында кеңінен талқыланды. Мәжілісте Нұралхан Көшеров бұл саладағы әр тиынның халық игілігіне бағытталуы тиіс екенін тағы қайталап шегелеп, нақты тапсырмалар берді.


Әкім бюджет қаражатын әлеуметтік маңызы бар жобаларға ғана жұмсауды қатаң тапсырды. Ол қажетсіз шығындар мен ысырапшылдыққа жол бермеуді талап етті. Жиында заң бұзушылықтарға жол берген әкімдер мен басқарма басшыларының орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі көтерілді. Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері 147,9 миллиард теңгеге 953 өтінім түсіп, оның басым бөлігі игерілген. Қалған сатып алу рәсімдері бақылауда. Аймақ басшысы бұдан былай саланы қатаң бақылауда ұстап, заң бұзғандарға нақты шара қолданылатынын айтты.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Әкім жауапты тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, жобаларды уақтылы аяқтауды тапсырды. Әр тиынның игілігі халыққа жетуі – басты міндет.