Қалада атқарылған шаруа көп. Алайда кезек күткен өзекті мәселелер де жетерлік. Шымкент қаласы әкімдігінде Қоғамдық кеңестің кезекті жоспарлы отырысы өтті. Жиында кеңес мүшелері қаладағы Абай ауданы әкімдігінің, сондай-ақ мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының биылғы алғашқы жарты жылдықта атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.
Күн тәртібіне сәйкес бірінші Абай ауданы әкімдігінің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму барысы таныстырылды. Аудан халқы ауыз су, электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Газбен қамтылу көрсеткіші де 92,6 пайызды құрап отыр. Былтыр 2 елді мекенге газ жүйесі жүргізілген.
ШӘКІР СҰЛТАНХАН, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
2024 жылы екі елдімекенде атап айтқанда Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Қайнарбұлақ саяжайын табиғи газбен қамтуда құрылыс жұмыстары аяқталып, газға қосу жүргізілген. Нәтижесінде газбен қамтылмаған елді мекендер саны қазір екеу ғана. Ол төрт пайызды құрайды.
Баяндамадан кейін қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкіміне сұрақтарын жаудырды. Мәселелер ойын алаңдары, көшелерді жарықтандыру мен қоқыс тазалайтын компанияларға қатысты болды. Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының да атқарған шаруасы кеңес мүшелеріне кеңінен жеткізілді. Шаһарда бұл саланың дамуы күннен-күнге қарқын алып келеді екен. Қазір басқармаға қарасты 22 мәдениет ұйымы қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени қызмет көрсетіп, 2537 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Басқармаға қатысты сұрақтардың алғашқысы мәдениет ұйымдарының әлеуетіне қатысты болды.
КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ
22 Мекеменің нешеуі өзін өзі ақтап отыр. Өзін өзі қаржыландыруға шамасы келеді. Сіздер келгелі қаладағы оптимизация
МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бір ГКП пайдаланып ГКУ ларды біріктіріп оның ақша табатын есебін ойластырып бірлесотік жасадық. Шетелдіктерге мың теңге қала тұрғындарына 600 теңге табыс алып отырмыз. Қытайлықтар келеді қазір табыс түсіп лотыр.
Бүгінде қаладағы 6 кітапхана 140 мыңға жуық оқырманға қызмет көрсетіп, бес айда 11 мыңнан астам жаңа кітап қорымен толыққан. Жалпы кітапхана қорындағы 1,88 миллионнан астам кітаптың үштен бірі қазақ тіліндегі басылымдар. Ал 7 театрда биыл 33 премьера жоспарланса, қазірдің өзінде 16 жаңа қойылым көрерменге жол тартқан. Мыңнан астам репертуарлық спектакль көрсетіліп, 96 мыңға жуық көрермен қамтылған.