19 маусым – Шымкент республикалық қала мәртебесін алған күн. Бұл дата мегаполис тұрғындары үшін үлкен мереке. Маңызы бар дербес қалаға айналған шаһарға бүгін 7 жыл. Атаулы күнге орай Қызғалдақ сарайында салтанатты кеш ұйымдастырылды. Мегаполистің дамуына еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Шырайлы шаһардың туған күнін тілші әңгімелейді.
ЮНЕСКО деңгейінде расталған 2200 жылдық тарихы бар қаламыз жылдар жылнамасына өзінің даму шежіресін алтын әріптермен жазып келеді. Жаңа идеялар мен жобалар, ауқымды инвестициялар қаланың дамуына жаңа серпін береді. Салтанатты кеште қала басшысы жеткен жеттістіктерді тілге тиек етіп, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мегаполис мәртебесіне ие болған 7 жыл ішінде қала халқының саны 271 мыңға көбейген. Тұрғындардың табысы 15 пайызға артқан. Ал қала экономикасына тартылған инвестиция 200 миллиард теңгеден асқан. Осының барлығы шаһардың әлеуеті мен шырайын күн санап арттырып келеді.
СЕРІКБАЙ ОНБАЕВ«ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ» РҚБ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
РАЙХАН СЕЙІЛБЕКОВА, ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ
Шымкент жер көлемінен еліміздегі ең үлкен қала. Алып шаһарда көлік логистика жақсы жолға қойылған. Жиынға келгендер қоғамдық көліктердің жайлылығын атап өтті.
ДАРХАН КАЮПОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Салтанатты іс-шарада шаһардың дамуына айырқша еңбек сіңірген жандарға «Құрметті азамат» атағы берілді. Мінберге шығып мәртебесі артқандар қатарында Алтынсары Үмбетәлиев, Бауыржан Әлтеев, Асқар Жандаров сынды әліде ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар бар. Жалпы биыл 25 адамға осындай атақ берілді.