Шымкентте көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып бір адам қаза тапты. Оқиға бүгін таңертең сағат 4-тер шамасында болған.


Өрт сөндірушілер келгенде 1000 шаршы метрді құрайтын екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны анықталған. Тілсіз жау толығымен ауыздықталды. Өкінішке орай, үйінділер арасынан 66 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Қазіргі таңда, қызыл жалынның неден тұтанғаны анықталып жатыр екен. Оқиға орнында 22 техника мен 55 қызметкер жұмыс істеген.