Биыл қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Негізгі басымдық – қала орталығынан шалғай орналасқан елдімекендердегі топырақ жолдарды заманауи талапқа сай асфальт төселуде.
Жыл басынан бері қала аумағында жалпы 304 шақырым жол жөнделді. Оның ішінде Абай ауданында – 80 шақырымнан аса, Тұранда – 60, Әл-Фарабиде – 20, Қаратауда – 78, ал Еңбекші ауданында – 64 шақырым жолға асфальт төселді. Бұл жұмыстар тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, көлік қатынасын жеңілдетуге ықпал етуде. Жыл соңына дейін қала жолдарының 90 пайызы жақсы немесе қанағат деңгейіне жеткізілуі көзделген.