Ұстаздар мерекесі қарсаңында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушылары марапатталды. Ширек ғасыр бойында талай жасқа білім мен тәрбие нәрін сепкен мәртебелі маман иелерінің еңбегі еленіп, алғысқа бөленді.
Күлсін Сартайқызы саналы ғұмырының 47 жылын ұстаздыққа арнапты. Университет қабырғасында «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының ашылған күнінен бастап, алғашқылардың бірі болып оның дамуына күш салып, талай шәкірттің қанаттануына сеп болған.
КҮЛСІН СЕРІКБАЕВА, «РАДИОТЕХНИКА ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Ата-ананың тәрбиесі өз алдына, ұстаз тәрбиесі өз алдына. Ұстаз өмір бойы ұстаз болып өтеді. Балалардың жақсы болғанын көріп қуанамыз. Еңбегіміз қаншама жылдан кейін көрініп жатады. Студенттердің жеткен жетістіктерін көріп біз қуанамыз.
Ұстаз - ұлттың ұлы тәлімгері деп айрықша атап өткен университет басшысы жылдағы дәстүрге сай оқытушыларға құрмет көрсету үшін арнайы жинады. Ұлттың болашағына жол салатын мәңгілік шамшырақ болып келе жатқан педагогтар қауымына өз ризашылығын білдірді.
РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА, АКАДЕМИК Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Біздің университетіміз Республика деңгейінде өзінің экономикасын дамытуға, білім-ғылымды дамытуға өзінің зор үлесін қосып келеді. Біздің универсиетте профессорлық оқытушылық құрамы Халықтар достығы универсиетінде деп ойлаймын.
Бұдан бөлек, ұстаздар мен келген конақтарға концерттік бағдарлама ұсынылып, көңілді ойындар, логикалық тапсырмалар және викториналық сұрақтармен қоса сахналық көріністер, әзілдер мен тосынсыйлар әзірленді.
БЕРІК САДЫҚОВ, ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
Ұстаз деген ұлағатты сөз. Білім мен тәрбие беруші адамзат. Бүгінгі таңда универсиет құрамында оқытушылар жоғары деігейде білім беріп жатыр.
Айта кетейік, бүгінде білім ордасында 439 профессорлық оқытушы құрамы бар. Оның 33-і ғылым, ал 23-і PHD доктор, 165 ғылым кандидаты мен 218 –аға оқытушы, магистр. Университетте Ғылыми зерттеулер мен инновацияны дамыту бағыты да жолға қойылған. Компьютерлік сыныптар мен оқу аудиторияларында 367 компьютерлік кешен, 42 интерактивті тақта, проекциялық экрандар мен заманауи лингофонды кабинеттермен жабдықталған.